Қызықтырар ақпарат

Қонақ үй қарағайлы орманның ортасында орналасқандықтан әр бөлмеден табиғаттың әсем көрінісі табылады. Мейрамханадағы таңдаулы шарап түрлерінің көптігі ең талғампаз қонақтың көңілінен шығары сөзсіз. Сондай-ақ, SPA салоны жанды балқытар нәзік рақатқа бөлейді. Қала өмірінің қарбаласынан шалғайда сіз тән мен сананың арасындағы табиғи үндестікті сезініп, рухани тепе-теңдікке бөленесіз.


Пирамида ішіндегі медитация

Пирамида ішіндегі медитация

ТАҢҒАЖАЙЫП SHARZHUM-ҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР

Саф ауа, кіршіксіз табиғат, тыныштық пен үндестік - альпі стилінде безендірілген біздің демалыс орталығының келбеті осындай. Сіз үміттенген меймандықтан әлдеқайда асып түсетін қонақжайлықты көргіңіз келсе, бізге келіңіз. SharZhum демалыс орталығы Ақмола облысына қарасты Ақкөл қаласында орналасқан. Жол ұзақтығы Астанадан 108 шақырым, жүру уақыты бір жарым сағаттан кем. SharZhum отбасылық демалыс, ұжымдық іс-шаралар мен жеке кездесулерге арналған теңдессіз орын.


Қарағайлы орман ішін аралау
үшін спорт велосипедтерін
жалға алуға болады.

Бұл қызмет түрі тек қонақ үй меймандарына ғана көрсетіледі.
Бағасы – сағатына 2 000 теңге.


Жаздың шуақты күндерін біздің
жайлы аспалы торларымызда тынығумен өткізіңіз.

Бұл сіздің ішкі үйлесімге енуіңізге зор көмегін тигізеді.

No news